Махмұт Қашқари әңгіме байқауының Түркия сатысы нәтижеленді

Байқауда қазақстандықтар да лауреат атанды.

184781
Махмұт Қашқари әңгіме байқауының Түркия сатысы нәтижеленді

ІІІ Халықаралық Махмұт Қашқари әңгіме байқауының Түркия сатысы нәтижеленді.


Түркия сатысында «Сүт бауырым» атты туындысымен Эмел Динсевен бірінші орынды иеленді.


Еуразия Жазушылар одағының ұйымдастыруымен биыл үшіншісі өткізілген халықаралық Махмұт Қашқари әңгіме байқауына ықылас артып отыр.


Байқау ұлттық және халықаралық деңгейде дәстүрге айналып келеді.


Түркия сатысына биыл 212-сі Түркиядан, 16-сы Түркия тысынан (Түркия түрікшесімен жазылған) барлығы 228 әңгіме келіп түсті.


Осы екі топ Түркия қазылар алқасы тарапынан бағаландырылды. Нәтижеде:


• Бірінші орынға «Сүт бауырым» атты әңгімесімен Эмел Динсевен
• Екінші орынға «Сынық қалам» атты әңгімесімен Мұхаммед Эмин Гүрдамар
• Үшінші орынға «Семудтың немерелері» атты әңгімесімен Джанер Чайлак және «Перузе» атты әңгімесімен Севим Якыджы лайықты деп табылды.

 

Түркия тысынан келген 16 жазушының әңнімесінен алғашқы үштікке «Қазылар алқасы ынталандыру» сыйлығы берілді.


Бірінші орынға «Қиялы жазушының аудармалары» атты әңгімесімен Пейкер Ибрахимова (Әзірбайжан),
Екінші орынға «Үзілген әткеншек» атты әңгімесімен Нұрғали Жүсіпбай (Қазақстан)
Үшінші орынға «Айқай» атты әңгімесімен Жанна Иманқұлова (Қазақстан) лайықты деп табылды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар