Премьер-министр Самарасты бейбітшілікке шақырды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сапарын жалғастырған Давутоғлу баспасөзге мәлімдеме жасады.

128102
Премьер-министр Самарасты бейбітшілікке шақырды

Шетел алғашқы іс-сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасына ұйымдастырған премьер-министр Ахмет Давутоғлу елбасы Дервиш Ероғлумен кездескен соң баспасөз жиналысы өткізді.
Давутоғлу «Біз Кипр аралының бейбітшілік аралы болуын қаладық. Кипрда қамтамасыз етілген бейбітшілік арқылы Шығыс Жерорта теңізіне бейбітшілік және тыныштық орнасын. Біз қаншама мықты тұрақтылық ортаға қойсақ, өкінішке орай бұның жауабын ала алмадық» деді.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Грекия премьер-министрі Андонис Самарасқа шақыру тастап, «Құрметті Грекия премьер-министрі дайын болса, алдымен Оңтүстік Кипрға бірге барайық, бірге шай ішіп әңгімелесейік. Кейін солтүстікке қайтып, тағы бірге уақыт өткізейік. Жерорта теңізі көптеген өркениеттердің, көптеген ұлттардың ортақ теңізі болған. Келіңдер, осында бейбітшілікті бірге орнатайық» деді.
Давутоғлу Кипрдағы келіссөз кезеңімен байланысты «Жақында БҰҰ Жалпы Кеңес жиналысы өтеді. Сол Жалпы кеңес жиналысында тараптар тағы бір рет бас қоссын. Қажет болса бірге жұмыстанайық. Енді осы аралға бейбітшілік, Шығыс Жерорта теңізіне тыныштық пен тұрақтылық орнасын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар