Қырымда сайлау өтті

Қырымда тұңғыш рет Ресей заңдары аясында сайлау өткізілді

125839
Қырымда сайлау өтті

Қырымның бір жақты Ресейге бағындырылуының артынан аймақта тұңғыш рет Ресей заңдары аясында сайлау өткізілді. Сайлауда 12 партиядан 803 үміткер жарысты.
Қырымда халықтың тек қана 45 пайызы сандыққа барды.
Сандықтағы сайлау қорытындысына қарағанда биліктегі Біріккен Ресей партиясы дауыстардың 70 пайызынан астам дауыс жинады.
Либералды демократия партиясы 9 пайыз, Коммунисттік партия 7 пайыз төңірегінде дауыс жинады.
Қырым татарлары жиі өмір сүрген аймақтарда сайлауға азғана адам қатысты.
Қырым татар ұлттық мәжілісі төрағасы Рефат Чубаров Қырым халқына сайлауды бойкот етуге шақырған болатын.
Украина болса сайлауды «Ресейдің Қырымда заңсыздықты таратуда» деп пайымдаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар