Әлем Ұйғыр жастары футбол турнирі басталды

Қазақстан Ұйғыр командасы АҚШ-ты 4-0 жеңді

95304
Әлем Ұйғыр жастары футбол турнирі басталды

Әлем Ұйғыр жастары халықаралық Футбол турнирінің салтанатты ашылу мерәсімі кеше Кайсериде өтті.
Мерәсімде Мехтер музыкалық тобы мен ұлттық әнұранның орындалуының артынан ашылу баяндамалары оқылды.
Ашылу мерәсімін жасаған Әділет және өркендеу партиясы Кайсери депутаты Исмаил Танер премьер-министр Режеп Таип Ердоған қолдау берген Ұйғыр жастары Халықаралық футбол турнирі үшін 9 бөлек елден келген ұйғырларды күткендері үшін қуанышты екендерін айтты.
Кайсери қала әкімшілігі Спорт Аш Бас директоры Али Үстүнел болса ұйғырлардың танылуы, халықаралық майданда өз болмыстарын сезіндіруі және бірлік пен ынтымақтастықты дамыту үшін спорттың маңызына тоқталды.
Әлем Ұйғыр жастары халықаралық футбол турнирі үшін құрастырылған А мен Б тобында:
А тобы: Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және АҚШ.
Б тобы: Германия, Швеция, Голландия, Норвегия және Бельгиядан тұрады.
Кешегі ашылу мерәсімі алдында және кейінгісінде ойналған матчтарда Қазақстан Ұйғыр командасы АҚШ-ты 4-0, Қырғызстан Ұйғыр командасы болса Түркияны 3-0 жеңді.
Голландия Ұйғыр командасы Швецияны 7-1 жеңсе, Германия Ұйғыр командасы Норвегияны 4-0, Швецияны да 5-1 жеңді.
Турнир 18 маусым күні аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар