Түрікменстан президенті Түркияға келеді

Түрікмен басшы Түркияда бір қатар іс-шараларға қатысады

79822
Түрікменстан президенті Түркияға келеді

Түрікменстан Республикасы президенті Құрбанқұлы Бердимұхаммедов бүгін Түркия Республикасы президенті Абдуллах Гүлдің шақыруымен Анкараға барады.
Президенттік баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Түрікменстан президенті Бердимұхаммедов 2-4 маусым күндерінде Түркияға ресми сапармен келеді. Осы сапар екі ел арасында соңғы жеті жылда әртүрлі себептермен екі жақты президент деңгейіндегі 12-ші сапар болып табылады.
Сапар барысында жүзеге асатын кездесулер дос және бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық пен күн тәртібіндегі ортақ тақырыптарды бағландыруға, сондай-ақ аймақтық және халықаралық жаңалықтарда пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Осы сапар себепті Түркия-Түрікменстан Экономикалық Комиссия жиналысы және Түркия мен Түрікменстан іскерлер форумы жүзеге асырылады.
Президент Бердимұхаммедов Анкарадағы ресми байланыстары аяқталған соң 4-5 маусым күндері Бодрум қаласында жүзеге асатын Түрік Кеңесі 4-ші саммитіне қатысады.
Мәлімдемеде Бердимұхаммедовтың сапарының арнайы және алдынғы қатарлы қарым-қатынастарға ие дос және бауырлас Түрікменстан Республикасымен көп тұсты ынтымақтастықты әр салада нығайту нысанасына маңызды үлес қосатыны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар