Ішкі істер министрі Ефкан Ала Әзірбайжанда

Кездесуде террорға қарсы күрес пен қауіпсіздік саласындағы ықпалдастық тақырыптары қолға алынды.

74546
Ішкі істер министрі Ефкан Ала Әзірбайжанда

Ішкі істер министрі Ефкан Ала міндетін бастағалы бері алғашқы ресми сапарын кеше Әзірбайжанға ұйымдастырды.
Министр Ала мен қасындағы делегацияның Бакудегі алғашқы аялдамасы Әзірбайжан елбасылығы болды.
Ала осында мемлекет басшысы Илхам Алиевтің қабылдауында болды.
Баспасөзге жабық өткен қабылдауда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен алдағы істер талқыланды. Артынан министр әзірбайжандық әріптесі Рамил Усубовпен бас қосты.
Кездесуде террорға қарсы күрес пен қауіпсіздік саласындағы ықпалдастық тақырыптары қолға алынды.
«Біз екі ел ретінде барлық салада жақсы қатынаста болуымыз керек» деген Ефкан Ала Әзірбайжан мен Түркияның өркендеуінің бауырлас басқа да елдерге үлгі болып, оларға да сенім беретінін айтты.
Рамил Усубов та түрік полициясы және әскерилеріне алғыс білдіріп, «Олардың тәжірибесін молынан пайдаландық» деді.
Ішкі істер министрі Ала Бакудегі кездесулері аясында Төтенше жағдай министрі Кемалеттин Хайдаров және Ұлттық қауіпсіздік министрі Елдар Махмудовпен бас қосты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар