Түркі әлемі кітап көрмесі ашылды

Көрме 11 мамыр күніне дейін ашық болады.

63555
Түркі әлемі кітап көрмесі ашылды

2013 жылы Түркі әлемі мәдениет астанасы болған Ескишехир қаласында биыл алғаш рет Түркі әлемі кітап көрмесі ашылды. Ашылуға Түркия Ұлттық білім беру министрі Наби Авжы қатысты.
Беташарға айырықша Ескишехир әкімі Гүнгөр Азим Туна, Түркі әлемі жазушылар одағы төрағасы Анар Рызаев, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуп Өмероғлу, Түркиядан және түркі әлемінен шамамен 100-ге жақын жазушы мен баспахана өкілдері қатысты.
Түркі әлемі мәдениет астанасы агенттігі мен Еуразия жазушылар одағы ұйытқы болған көрмеге 18 елден 48 жазушы және 80 баспахана келді.
Ұлттық білім беру министрі Авжы беташарда сөйлеген сөзінде аталмыш көрменің жалғасып, дәстүрлі түрге айналатынын айтты.
Авжы артынан кітаптарды аралады, азаматтарға оқуға кітап ұсынды.
Көрме 11 мамыр күніне дейін ашық болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар