Әріптестік меморандумына қол қойылды

Түркі академиясы мен Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) ынтымақтастық меморандумын бекітті.

61728
Әріптестік меморандумына қол қойылды

Түркі академиясы мен Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) ынтымақтастық меморандумын бекітті. Маңызды құжатқа ТүркПА-ның Бас хатшысы Жандос Асанов пен Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қол қойды.
Түркі академиясының баспасөз қызметінің хабарлағанына қарағанда, соңғы кездері түркітілдес елдердің интеграциясы жаңа бір белеске шықты. Бұл ретте түркі әлемінің көшбасшысына баланып отырған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше. Жоғарыдағы екі белді институт та тікелей Елбасы ұсынысымен құрылып, қазір қарқынды жұмыс істеуде. Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан Парламентінің депутаттары мүше ТүркПА ұйымы түркітілдес елдердің заң шығару саласындағы ынтымақтастығын арттыра түсті. Ал Түркі академиясы болса, тұтас түркінің өткенін зерделеп, бүгінгісін бағамдап, болашағын бағдарлауға кірісті. Түркі әлеміндегі бұл екі салиқалы ұйымның әріптестігі алда бірлесіп атқарар жұмыстардың нәтижелілігіне негіз болары сөзсіз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар