"Түрікмен газы үшін жұмыстануға дайынбыз"

Түркия мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері кездесті.

1589246
"Түрікмен газы үшін жұмыстануға дайынбыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түрікменстан газының Түркияға келуі және Түркия арқылы Еуропаға жеткізілуі үшін барлық нәрсені жасауға дайын екендерін білдірді.

Түркия Сыртқы істер министрі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов оңаша кездесу өткізгеннен кейін делегация аралық кездесуге басшылық жасады.  Артынан екі министр баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Түрік министр кездеслерде екі елдің басатын қадамдарын талқылағандарын айтты, осы шеңберде дайындалатын жол картасын қолға алғандарын білдірді. Ол түрік компанияларының аймақта ынтымақтастыққа дайын екенін атап көрсетті. «Түрікмен газының Түркияға келуі және Түркия арқылы Еуропаға жеткізілуі үшін біз қолымыздан келгенді жасауға дайынбыз» деді ол.

Мередов та кездесуде екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың бағаландырылғанын айтып: «Энергия, транспорт, озық технология және басқа да тақырыптарда бірге жоба дайындауға болады. Біз өз арамызда жоспарымызды жасап,  түрік достарымызға ұсыныс береміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар