Түрікменстанда ралли болады

Түрікмен жылына орай бірінші рет шөл раллиі ұйымдастырылады.

1015280
Түрікменстанда ралли болады

Түрікменстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Ишанқұлы Аманлиев Түрікменстанда биыл бірінші рет өткізілетін Амул-Каспий 2018 Халықаралық Автораллидің мақсатының Ұлы Жібек жолының мұрасын насихаттау екенін айтты.

Елде 2018 жылдың Түрікмен жылы болуы себебімен 11-15 қыркүйек күндері аралығында бірінші рет ралли ұйымдастырылады. Шөл раллиі Анкарада Түрікменстан елшілігінде таныстырылды.

Өкілетті елші Аманлиев: «Түрікменстан Амул-Каспий шөл раллиінің мақсаты Жібек жолы мұрасы мен Түрікменстан құндылықтарын насихаттау» деді.

Елшінің айтуынша ралли Жібек жолының Түрікменстан территориясындағы маршрутында ұйымдастырылады. Түрікменстанның шығысындағы Түрікменабад қаласынан басталып, Каспий теңізінің жағасында аяқталады.

Ралли маршруты кезегімен Мары, Ахал, Ташауыз қалаларынан өтіп, Ашғабадқа жетеді. Артынан Балқан қаласынан Аваза туризм аймағында аяқталады.

Маршрут бойында 3 мың адамдық асханалар құрылады. Үзіліс берілетін жерлерде беспасөз орталықтары,  медициналық орталықтап,  сахна және көрме алаңдары құрылады.

Раллиге жүк көліктері, спорт көліктері қатысады.

Шөл раллиіне 40 елден автоспорт топтары  келеді.



Ұқсас жаңалықтар