Түрікменстан президенті Ташкентке барды

Мирзиеев: "Өзбекстан мен Түрікменстан арасында шешілмеген ешбір проблема қалмады" деді.

957849
Түрікменстан президенті Ташкентке барды

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барып,  Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Екі елдің президенттерінің оңаша және делегациялық кездесулерінен кейін көптеген салада келісімдерге қол қойылды.

Ортақ баспасөз мәслихатында Өзбекстан президенті Мирзиеев кездесудің ашық, шынайы және шығымды өткенін айтты. «Өзбекстан мен Түрікменстан арасында шешілмеген ешбір проблема қалмады.  Барлық тақырыпта өзара түсіністік қамдалды» деді ол.

2017 жылдың екі ел қарым-қатынастарында тарихи жыл болғанын,  өткен жылы Бердімұхаммедовпен үш рет бас қосқанын еске салған өзбек президент екі ел арасында қамдалған келісімдердің нәтиже бере бастағанын және тараптар арасындағы сауда айналымының биылғы жылдың алғашқы ширегінде 55 пайыз артқанын атап көрсетті.

Мирзиеев кездесуде өңірлік қауіпсіздік,  терроризм және халықаралық қылмыстық ұйымдарға қарсы ынтымақтастық,  Ауғанстандағы жағдай,  өңірдегі шекаралардан асатын өзен мен су көздерінің ортақ қолданылуы тақырыптарын қолға алғандарын айтты.

Мирзиеев айырықша Өзбекстанның Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (TAPI) табиғи газ құбыр желісі жобасында орын алуы жөнінде Түрікменстанмен келіскендерін айтып: «Өзбекстан Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауында маңызды фактор болатын TAPI жобасының құрылысында орын алады» деді.

Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов та елін әрі Еуропа,  әрі Таяу Шығыс нарықтарына ашатын «Өзбекстан-Түрікменстан-Каспий оңтүстік коридоры» маршрутын қалыптастыру үшін бірге жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.

Түрікмен президенті бұдан бұрын келісілген келісімдердің орындалуы үшін өзбек тарапына шақыру тастап,  осы аяда Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран, Оман елдерін байланыстыратын Орталық Азия-Таяу Шығыс қатынас дәлізінің маңызына тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар