Азия ойындарына санаулы күн қалды
Түрікменстанда түрлі шаралар өткізілуде.
Қыркүйек айында Ашғабадта өтетін 5-ші Азия ойындарына 50 күннен аз уақыт қалды. Сондықтан Түрікменстанда түрлі шаралар өткізілуде.
Апта аяғында өткен шаралардың арасындағы ең қызықтысы – велосипедпен қатынау. Елдің барлық уәлаяттарында жеке көліктер жолға шықпады. Жолда тек велосипедтер мен қоғамдық көліктер болды.
Ашғабад және Мары қалаларында 5-ші Азия ойындарында Түрікменстан атынан жарысатын спортшылардың қойылымы болды.
Осы қалаларда спортшылар стадиондарда өз өнерлерін көрсетті. Айырықша олимпиада үшін дайындалған өлеңдер шырқалып, түрікмен әншілер концерт берді.
5-ші Азия ойындары атқару комитеті мен Түрікменстан Мемлекеттік телерадио корпорациясы Ашғабадта бір конференция ұйымдастырды. Конференцияда ел ішіндегі және шетелдердегі таныстыру жұмыстары мен акредитация, басқа да дайындықтар туралы мәлімет берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжандық отбасылар Ходжалыға оралуда
Армян басқыншылығынан азат етілген Ходжалыға 20 отбасы қайта оралды.