Түрік-Қазақ Әлемінен-68

Назарбаевқа «Еуразияның жыл адамы» сыйлығы берілді.

318066
Түрік-Қазақ Әлемінен-68

Таяуда Түркияда Қазақстан Президентіне аймақтық ықпалдастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Еуразияның жыл адамы» сыйлығы берілді.
Анкарадағы Қ.Р Елшілігінің интернет сайтының хабары бойынша Түркиядағы Қазақстан Елшілігінде «Экоеуразия» түрік экономикалық қоғамдастығы ассоциациясы Қазақстан Президентін «Еуразияның жыл адамы» наградасымен марапаттаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Экоеуразия» түрік экономикалық қоғамдастығы ассоциациясы Жоғарғы кеңесінің шешімімен бұл наградаға аймақтық ықпалдастықты және халықтар достығын дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды.
Өзінің сөйлеген сөзінде «Экоеуразия» экономикалық қоғамдастығы ассоциациясының төрағасы Ирфан Сади Арыкан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан баға жеткісіз үлесін атап өтті.
«Біздің бәріміз ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және көреген саясатымен Қазақстанның өз аймағында гүлденген оазиске айналғанын және халықаралық аренада барған сайын беделі артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті түркі әлеміне ғана емес, бүкіл әлемдіқ қоғамдастыққа үлгі. Қазақстан халқының бірлігі мен өз көшбасшысына деген жоғары сенімі елдің қазіргі және болашақ табыстарының кепілі болып табылады» - деп баса айтты Ирфан Сади Арыкан.
Оның айтуынша, Қазақстанның табыстары арқасында «дамудың қазақстандық моделі» деген түсінік пайда болды, оның мәнісі -сарабдал және терең ойластырылған стратегия негізінде ілгері қарай қарышты қадам басу деген сөз.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев ҚР-ның тәуелсіздік жылдарындағы Түркиямен ынтымақтастығы дамуының негізгі кезеңдеріне және екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына, екі елдің өзара тиімді экономикалық, ғылыми-мәдени және гуманитарлық байланыстарын нығайту мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Ол сондай-ақ Түркияда берілген награда Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын тану және қуаттау екенін атап өтті.
Рәсім барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі, оның Еуразиядағы және әлемдік аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға қосқан үлесі туралы бейнефильм көрсетілді.

Қазақстанда шығатын www.khabar. интернет сайты Түркия мен Қазақстан арасындағы соңғы үш жылдық экономикалық ынтымақтастық іс-шараларды қысқаша қорытындылаған.
Осы бойынша 2013-2014 жылдары Түркияның Сакария, Қожаелі, Измир, Измит, Ескишехир, Невшехир, Трабзон, Ризе, Стамбул, Мұғла, Ниде, Самсун, Хатай, Кония, Гиресун, Малатия, Маниса, Денизли провинцияларында аймақтық бизнес-форумдар ұйымдастырылды. 2013-2014 жылдарда Түркияның бірқатар аймақтарынан провинциялардың губернаторлары бастаған бизнес-делегациялардың Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды: Денизли – Алматы, Кония – Қызылорда , Трабзон – Алматы, Қожаелі – Қызылорда , Ескишехир – Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Болу – Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда, түркиялық губернаторлар Қазақстан облыстарының әкімдерімен келіссөздер өткізіп, ынтымақтастық туралы хаттамаларға қол қойылды, тараптардың іскерлік орталары өкілдерінің кездесулері мен келіссөздері ұйымдастырылды. Түркия экономика министрі орынбасарының Қазақстанға екі мәрте үлкен бизнес делегациямен сапары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Кәрімов бастаған делегацияның Стамбул және Қожаелі провинцияларына, Қызылорда әкімі Қ.Көшербаев бастаған делегацияның Қожаелі провинциясына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев бастаған бизнес делегациясының Стамбул, Измир және Денизли қалаларына іссапары болып өтті. 2015 жылдың ақпанында Түркия Экономика министрінің орынбасары Аднан Йылдырым бастаған делегация Алматыда жұмыс сапарымен болды. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына жалпы алғанда шамамен 2 миллиард доллар көлемінде түрік инвес­тициясы, Қазақстаннан Түркияға шамамен 1 миллиард доллар көлемінде инвес­тиция салынды. Түркия тарапынан құйылған инвестициялар ішінде ең ірілері – хром рудасын өңдеуге «Yildirim Group», сусындарды шығару бағыты бойынша агроөнеркәсіп кешеніне «Anadolu Beverage Group», елордамыздағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешенінің құрылысына «Sembol Construction» компаниясы салған, Алматыдағы Сауда кешеніне салынған және т.б. инвестициялар. Түрік мердігерлері Қазақстанда құны 20 миллиард АҚШ долларынан асатын құрылыс жобасын жүзеге асырды. Осылайша, Қазақстанның Түркия экономикасына қосқан күрделі қаржысы шамамен 20 миллиард АҚШ долларына жетті. Біздің елдеріміз арасындағы өзара сауданың көлемін ұлғайтуға және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға тікелей ықпалын тигізетін мейлінше маңызды бағыттардың бірі – көлік саласы. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тежеуші салмақты бір фактор жүктердің автомобильмен тасымалдау арқылы жеткізілуі болып табылады. Бұл орайда, Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол магистралін жолға қою керек деп ойлаймыз. Былтыр үш ел президенттерінің қатысуымен «Иран – Түрікменстан – Қазақстан» теміржол дәлізі ашылған болатын. «Түркия – Иран» және «Карс – Ахалкалаки – Тбилиси – Баку» теміржолдары магистральдарын салып бітіру Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын және Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға тасымалдауды едәуір ұлғайтуға, сондай-ақ, тасымалдау көлемін көбейтуге және тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, Баку және Ақтау порттарының арасындағы темір жол-паром қатынасының магистраліне шығумен «Карс – Ахалкалаки – Тбилиси – Баку» теміржол бағытын пайдалана отырып, аралас жүк тасымалдарын көбейту мақсатындағы ынтымақтастықты жолға қою керек. Бұдан басқа экономикалық салада төмендегідей жобаларды жүзеге асыруға болады: — өзара тауар айналымын ұлғайтуға ықпал ететін логистикалық орталық пен аймақтық желінің логистикалық орталықтарын салу; — кеме жасайтын (жөндейтін) орындардың құрылысын салу және теңіз кемелерін жасау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру; — қуатты үнемдеу және қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалану саласында ынтымақтасу; — Түркияның тамшылатып суару саласындағы, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын жасаудағы, жылыжайларды, көкөніс қоймалары мен т.б. нысандар құрылысы және көкөністерді, жеміс-жидектерді өсірудегі озық тәжірибесін пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешені саласында бірлескен жобаларды қолға алу және с.с.



Ұқсас жаңалықтар