Түрік-Қазақ Әлемінен-65

Сүйінбайдың 200 жылдығы Түркияда тойланды.

315480
Түрік-Қазақ Әлемінен-65

Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін дамыту «ТҮРКСОЙ» ұйымы тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға «ТҮРКСОЙ» Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлұ, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі Жандарбек Далабаев, Алматы облысы Алакөл ауданы әкімі Әлібек Жақанбаев, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімі Амангелді Дәуренбаев, Жамбыл облысы депутаты Сян Жүрін, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, М. Әуезов әдебиет және көркемөнер институты төрағасы профессор Нұрдәулет Ақыш, Сүйінбай атындағы мұражай директоры Аяжан Садуақасов және Түркия мен Қазақстанның белгілі сүйінбайтанушы-ғалымдары, ақын-жазушылар, түркі тілдес мемлекеттердің дипломаттары қатысты.
Баяндамашылар көрнекті тұлға Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойын Анкарада атап өту, келер ұрпақ алдында насихаттау, ұлттық тарихымызды бойларына сіңіру, түркі халықтарының бірлігін бекімдеу, өзара ынтымақтастықты күшейту бүгінгі күннің кезек күттірмес міндеті екенін атап айтты.
Конференцияда баяндамашылар Сүйінбай туралы «Ақын ел басқару, халық тағдыры мен адам батылдығы, жақсы мен жаман қасиеттерді саралайды. Өмірдің құндылығы мен өткіншілігі туралы ақыл-өсиет, нақылдар қалдырды. Ақын ер тұлғасы, ел қорғанының бейнесін жырлады. Ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы кезде ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек, өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар