Түрік-қазақ әлемінен

Түркия мен Қазақстанда соңғы апталарда болған кейбір жаңалықтар

110179
Түрік-қазақ әлемінен

Сіздер де білесіздер,


28 тамыз күні Түркияда ерекше оқиға болды. Бүкіл әлем куә болған ұлықтау рәсімінде Түркияның жаңа президенті Реджеп Тайып Ердоған міндетін бастады. Ердоғанның мәжілісте арнайы отырыста қалың жұрттың алдында ант ішіп, артынан Чанкаядағы президенттік сарайда өкілеттікті бұрынғы президент Абдуллах Гүлден қабылдап алу рәсіміне 100-ге тарта елдің өкілдері қатысты.


Стратегиялық серіктес болып табылатын Түркияның осы маңызды шарасына тарихы, тамыры, мәдениеті бір, бауырлас Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы ат басын бұрып келді.


Ұлықтау рәсімінен бір күн бұрын бұрынғы президент Гүлге Анкарадағы Қазақстанның өкілетті елшілігінде арнайы қонағасы берген Назарбаев Ердоғанды да шынайы түрде құттықтап, табыс тіледі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы сапары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Тоголез Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен кездескен Елбасы екіжақты ықпалдастықтың перспективалық бағыттары мен сауда экономикалық қатынасты жетілдіру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы сонымен қатар Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен жүздесіп, көлік-транзит және энергия салаларының негізгі бағыттарын талқылады. Кездесуде сонымен бірге Назарбаевтың Түрікменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме болды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен де бас қосты.
**
Түрік құрылысшылар Қазақстанның Каспий теңізі жағалауында Кендірлі демалыс аймағы салу үшін қолдарын сыбады. Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысының Кендірлі ауданында демалыс аймағын салу үшін бұрын араб құрылыс фирмаларымен келісім жасаған болатын. Бірақ кейін араб инвесторлар жобадан бас тартқандықтан үкімет түрік фирмалармен келіссөздер жүргізе бастаған еді.


Кендірлі курорттық демалыс аймағы Жаңаөзен қаласынан оңтүстікте 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта бұл жерде Кендірлі демалыс базасы, «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагері және «Медикер» медициналық сауықтыру орталығы тұр. Демалыс базасы 7,5 гектар аумақты алып жатыр, оның бір жолғы сыйымдылығы – 150 адам, жыл сайын мұнда 2000-нан астам адам демалады, Негізінен бұлар - «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының кәсіпорындарында жұмыс істейтін мұнайшылар мен олардың отбасы мүшелері.


Лагерьдің аумағы 9 гектарға тең, бір жолғы сыйымдылығы – 250 адам, жыл сайын лагерьде 1500 бала демалады. Лагерь орталықтандырылған сумен жабдықтау көзімен және кәрізбен қамтамасыз етілген, жылу қазандығы да бар.


Кендірлі курорттық демалыс аймағының бас жоспары бойынша жобаның жалпы алаңы 1700 гектар аумақты қамтиды. Мұнда сыйымдылығы 21 мың орындық болатын 23 қонақүй салынады. Сонымен қатар жекеменшіктегі 500 үй мен сән-сәулетті виллалар тұрғызылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ 500 гектардан астам аумақ жасыл аймақтар мен саябақтарға арналып отыр. Бұл жерде демалыс аймағына қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелері де бой көтеретін болады.


Жақында ғана Қазақстан туризм индустриясы комитеті баспасөз органы аймақта қонақүйлер, виллалар мен аквапарк құрылысының Риксос компаниясына берілетінін мәлімдеді.
**
Қазақстан Полиция Академиясына қарасты қаржы полициясы бөлімінің тәлімгерлері Анталья ішкі істер бастығы Жемил Тонбулды қызмет орнында зиярат етті. Анталья ішкі істер басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда аталмыш зиярат барысында Жемил Тонбул Қазақстаннан келген делегацияға қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен жобалар туралы әңгімелеп берді.


Шамамен 648 шақырымдық жағалауы бар және жылда 12 миллионнан астам турист келетін Антальяда жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік қонақтардың тыныштығын сақтау үшін күш-жігер салып жатқандарын айтқан Жемил Тонбул Антальяның Түркиядағы ең тыныш қалаларының бірі екеніне де назар аударды.
**
Қазақстан 2017 жылы екі аса маңызды іс-шара өтетін Астананың танытылуы үшін Галатасарай клубына ұсыныс жасады. Форма жарнамасы үшін 8 миллион еуродан 2 жылға келісім шарт жасалады деп күтіліп отыр. Түркиядағы ақпарат құралдарында Галатасарайдың форма жарнамасы үшін мұнай фирмалары немесе банктармен келіссөз жүргізіп жатқаны туралы жазылып жүрген болатын. Бірақ сюрприз басқа жақтан келді. Қазақстанда 2017 жылы EXPO көрмесі мен Бүкіләлемдік қыс универсиадасы өтеді. Осы маңызды іс-шаралар өтетін Астана қаласының танытылуы мақсатында Галатасарай спортшыларының формасына Астана қаласының аты жазылуы үшін 8 миллион еуро төлеуге әзір екені және ресми ұсыныс жасалғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар