Шинжиаңда 32 адам түрмеге жабылды

«Террор» қылмысымен айыпталған үш адамға өмір бойы түрме жазасы берілді.

125853
Шинжиаңда 32 адам түрмеге жабылды

Қытай Шинжиаң Ұйғыр автономиялық аймағында «террор» видеоларын тамашалау және жаздырып алу қылмысын жасады деген кінәмен 32 адамға түрліше түрме жазасын берді.

Қытайдың соңғы кезеңдегі террорлық лаңкестіктермен байланысы болғаны пайымдалған адамдардың үшеуіне өмір бойы түрме жазасы берілді.
Қалған 29 адамның 4-ден 15 жылға дейінгі түрме жазасын алғаны жарияланды.
Қытай 23 мамырдан бері бастаған операцияларда террорлық қылмыспен жазғырылған 400-ден астам адамды ұстады.
Адам құқы ұйымдары Қытайдың Ұйғыр автономиялық аймағында атқарған қысымды тәртібінің аймақта соңғы жылдарда мазасыздықты арттырғанын білдірді.
Ұйғырлар кен қабаттары бай және елдің Орталық Азияға ашылған стратегиялық қақпасы болған аймақтың экономикалық байлықтарының елдің басқа өңірлеріне жолданып, өздерінің артта қалғаны үшін мазасыз болып отыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар