Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2143715
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Еуроодақпен қарым-қатынасымызды әрқашан алға жылжытқымыз келеді» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуропа Одағының (ЕО) Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархелимен кеше өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесі туралы «Түркия тек ЕО-ға ғана емес, барлық одақтастарға күш қосады. Біз қарым-қатынасымызды алға жылжытқымыз келеді» деді.

Хүрриет газеті «Вархели: Түркиямен саудада рекорд жаңарды» атты хабар жариялаған. Еуропа Одағының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархели кеше министр Фиданмен өткізген баспасөз мәслихатында Түркия мен Еуроодақ арасындағы сауданың рекордты жаңартқанын атап өтті. Вархели «Өткен жылы сауда көлемі жағынан рекорд жаңардық. 200 миллиард еуродан асты» деді.

Ватан газеті  «Швейцария баспасөзі Ибхарим Ресмиді тапқан түрік тікұшағына орын берді» татты хабар жариялаған.  Түркияның Иран президенті Ибрахим Реисидің тікұшақ апатының орнын анықтауы Швейцария баспасөзінде үлкен жаңғырық жанатты. «Neue Zürcher Zeitung» газетінің хабарында «Түркия ұшқышсыз әуе аппараты «Akıncı»-ның  қабілетті екенін әлемге тағы бір рет көрсетті» деген мәлімдеме жасады.

Сабах газеті «Фатих бұрғылау кемесі Гөктепе-2 ұңғымасын қазуға кірісті» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар жазбасында «Қаратеңізде жаңа ашулар үшін жұмыс істеп жатырмыз. Фатих бұрғылау кемесі Сакария газ кенішіндегі Гөктепе-2 деп аталатын ұңғымада бұрғылау жұмыстарын бастады. Өндірісті арттыра отырып, жаңа кен орындарында барлау жұмыстарын жалғастырамыз» деді.

Стар газеті  «Министр Ерсой: Түрік тағамдары үлкен бір қазына» атты хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсой Түркияның гастрономиялық туризміне қатысты «Түрік тағамдары  үлкен бір қазына. Ғасырлар бойына білім мен тәжірибе алмасудың жемісі болып табылатын бай тағамдарымыз тарих бойы сан алуан болып, ерекше дәмімен бүгінгі күнге дейін жетті. Осы бірегей қазынаны лайықты түрде таныстыру біздің басты міндетіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар