Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2143320
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Израиль 76 жыл бойы қан төкті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің 76 жыл бойы палестиналықтардың қанын төккенін, Палестина халқының жерлерін ашық түрде басып алғанын, сондай-ақ халықаралық құқықты мойындамайтынын әр жолы ашық көрсеткенін айтты. Ердоған «Геноцидшілер жауапқа тартылуы керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркия Палестинаны мойындағанына риза» атты хабар жариялаған. Ирландияның мәлімдемесінен кейін Норвегия мен Испания да Палестина мемлекетін мойындайтындарын жариялады. Норвегия премьер-министрі екі мемлекетті шешімнің жалғыз шешім екенін баса айтты. Палестина мен Түркия бұл шешімге риза болғандарын жариялады.

Стар газеті ««Bayraktar TB2»  Польшаға жеткізілуі АҚШ-та кең жаңғырық жаратты» деген хабарға орын берген. Түркияның Польшаға 24 «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын жеткізуді аяқтауы Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) өзекті тақырып болды. АҚШ баспасөзі «Bayraktar TB2» ұшақтарының Польшаны НАТО-дағы өсіп келе жатқан ұшқышсыз авиация орталығына айналдырғанын атап өтті.

Хүрриет газеті «Түркиядағы TOGG көлік алпауыттарын басып озды» атты хабар жариялаған. Түркияның отандық және ұлттық көлігі  TOGG арқылы қарқынды дамып келе жатқан түрік автомобиль өнеркәсібі француздық «AFP» ақпарат агенттігінің де назарын аударды. «AFP» Түркияның электрлі көлік нарығы көлемінің TOGG саудасымен Италия мен Испанияның автомобиль алпауыт елдерін басып озғанын хабарлады. Хабар агенттігі сондай-ақ TOGG  алғашқы жылында Tesla-дан көп өндіргені білдірілді.

Йени Шафак газеті  «Әлемдегі ең көп турист келетін қалалар» деген хабарға орын берген. Лондонда орналасқан «Euromonitor» нарық зерттеу компаниясы әлемдегі ең туристік қалаларды жариялады. Қалалардың әртүрлі ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған тізімде Түркиядан Стамбул, Анталия және Мугла да бар.



Ұқсас жаңалықтар