Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2142839
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Халықаралық қауымдастықтың жауапкершілігі айқын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Румыния премьер-министрі Чиолакумен баспасөз мәслихатын өткізген Президент Ердоған «Израильдің зұлымдықтарын тоқтату және палестиналық бауырларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық қауымдастықтың жауапкершілігі айқын. Алайда, осыған қарамастан қырғынның алдын алу шаралары әлі де қолға алынбай келеді. Нетаньяху мен оның опасыз үкіметі өз азаматтарына қауіп төндіру ықтималына қарамастан «геноцид» саясатын жалғастыруда. Мұны қазір тоқтату керек» деді.

Сабах газеті «Селчук Байрактар: Әлемге үлгі болатын операция» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Иран президенті Реиси мен қасындағылар мінген тікұшақтың құлаған жерін анықтаған пилотсыз әуе көлігі «Akıncı» әлем күн тәртібінде болса, «Байкар» компаниясы атқару кеңесі төрағасы және технология жетілдіру жетекшісі Селчук Байрактар Түркияның әрі өркениеттік құндылықтары, әрі технологиялық дамуы тұрғысынан әлемге үлгі екенін атап өтті.

Хүррийет газеті «Түркия саяхат индексінде 8 саты жоғарылады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дүниежүзілік экономикалық форумның 2023 жылғы саяхат және туризмді дамыту индексінде Түркия 8 саты көтеріліп, 119 ел арасында 29-шы орынға келді.

Хабер түрік газеті «Стамбул әуежайы тағы да шыңда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы 6-12 мамыр күндері аралығында күніне орташа есеппен 1 430 рейспен Еуропада ең көп жұмыс істейтін әуежай ретінде тіркелді.

Йени шафак газеті «Гезеравджы: Айға баруды жоспарлап отырмыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравджы «Өз еліміздің ресурстарымен өндірілген зымыран және осы зымыранды ғарышқа тасымалдайтын қозғалтқыш жүйесімен бірнеше айдың ішінде Айға баруды жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар