Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2129204
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті  президент Ердоғанның «Палестинаның тәуелсіздік күресін барлық жағдайда қорғаймыз» деген сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Газада 14 мың баланы өлтірген Израильдің Гитлерден де асып түскенін айтты. Ердоған Палестинаның тәуелсіздік үшін күресін барлық жағдайда батыл қорғайтындарын білдірді.

Йени Шафак газеті де Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Ердоған Хамастың Палестина жерлерін басқыншы Израильге қарсы қорғаған тойтарыс қозғалысы екенін қайталады. Ердоғанның Палестинаның тәуелсіздік күресіне берген қолдауын жоғары бағалаған Хамас Түркияға ризашылығын білдірді.

Сабах газеті «Хакан Фидан: Аймақтағы жалғыз құрбан Газа халқы» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израильдің палестиналықтарға қарсы жүргізген геноцид саясаты және соңғы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады. Министр Фидан аймақтағы жалғыз құрбандардың Газа халқы екенін айтты. Хакан Фидан «Аймақ елдері ретінде біз үшінші тараптардың осы географияға өз қақтығыстарын әкелгенін қаламаймыз» деді.

Стар газеті «Хакан Фидан Исмаил Ханиямен кездесті» деген тақырып қолданған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катар сапары барысында Хамас саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханиямен кездесті. Кездесуде Газаға гуманитарлық көмек, атысты тоқтату және кепілге алынған азаматтар тақырыбы талқыланды.

Хүрриет газеті «Түркия Грекияның теңіз саябағы декларациясын қабылдамайды» деген хабарға орын берген. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик Грекияның Эгей және Ион теңіздерін қоршаған ортаны қорғау шаралары аясында ешбір жағдайда теңіз саябағы деп жариялау әрекетіне рұқсат бермейтіндерін айтты. Челик «Грекия әр түрлі қиянаттан аулақ болуы керек. Аймақ бұдан былай шиеленіс пен зорлық-зомбылыққа шыдай алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар