Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2128775
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған: Эрбильге баруым мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік министрлік кабинеті отырысынан кейін Президенттік баспасөз тілшілерімен әңгімелескен президент Ердоған алдағы күндерде Иракқа жасайтын сапардың маңыздылығына тоқталып, «Көптеген келісімдерге қол қойылады. Түркия-Ирак қарым-қатынасының іргетасын жаңадан қалаймыз. Эрбильге де баруым мүмкін» деді.

Сабах газеті «Газа секторына 9-шы жәрдем кемесі Мерсиннен жолға шықты» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газа секторына жеткізу үшін Түрік Қызыл жарты ай қоғамы дайындаған 3 мың 774 тонна гуманитарлық жәрдем материалы тиелген кеме Мерсин халықаралық портынан кеше жолға шықты. Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы төрағасы Фатма Мерич Йылмаз «Қазірге дейін Газа секторына 13 ұшақ және 8 кеме аттанды. Біз 9-шы кемемізді жібердік. Бұл кеме осы уақытқа дейін бір сәтте ең көп жәрдемді жеткізген кеме болды» деді.

 Хүррийет газеті «Түркияның тұңғыш отандық бақылау жер серігі «IMECE» алғашқы жылын сәтті аяқтады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Түркияның бірінші жоғары сапалы отандық және ұлттық бақылау жер серігі «IMECE»-нің ғарыштағы бірінші жылын аяқтағанын хабарлады. Каджыр әлеуметтік желідегі жазбасында «IMECE»-нің орбитасына шыққан сәттен бастап қызметін сәтті табысты түрде орындағанын атап көрсетті.

Стар газеті «Түркия мен Әзербайжан бірге құрды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркия мен Әзербайжан ынтымақтастығы аясында құрылуы жоспарланған Түркия-Әзербайжан университетін ресми түрде бекітті.

Ватан газеті «Шағын ақылды круиздік зымыран «KEMANKEŞ-2»-ні сынақтан өткізу процесі басталды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Байкар» компаниясы жетілдірген жоғары технологиялық пилотсыз жүйелердің сынақтары сәтті жалғасуда. «KEMANKEŞ-2» шағын ақылды круиздік зымыранның Эдирне қаласына қарасты Кешан ауданындағы «Байкар» ұшу оқыту және сынақтан өткізу орталығында жүзеге асырылатын сынақ процесі басталды.



Ұқсас жаңалықтар