Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2128279
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған Катар әміріментелефон арқылы сөйлесті» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Катар Әмірі Әл-Санимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Түркия-Катар қарым-қатынастары, жаһандық және аймақтық мәселелер, Израильдің Газа секторына шабуылдары талқыланды.

Хүррийет газеті «Министр Фидан Антониу Гутеррешпен телефон арқылы сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше БҰҰ  Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында аймақтағы соңғы оқиғалар, Газа секторындағы жағдай, Кипр мәселесі және Қаратеңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігі талқыланды.

Йени шафак газеті «Иран-Израиль дағдарысы басталғанда ҰБҰ төрағасы Калынның есігін қақты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ҰБҰ төрағасы Ибрахим Калын CIA директоры Уильям Бернспен Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздеріне байланысты пікір алмасты. Бернс Калынға айтта телефон соғып, Иранның Израильге бағытталған шабуыл айыптаулармен байланысты делдал болуын сұрады. ҰБҰ төрағасы Калын кейін Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Хенийемен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында атысты тоқтату келіссөздері, газалықтардың үйлеріне қайтарылуы, аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілуі, тұтқындарды алмасу мәселелерін талқылады.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы 1-7 сәуір күндері аралығында тәулігіне орташа есеппен 1 412 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайы болып анықталды.

Стар газеті «Акрам: Түркиямен серіктестік осы кезеңде өте маңызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия-Пәкістан қарым-қатынастарына тоқталған Пәкістанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі Мүнир Акрам «Біздің серіктестігіміз осы белгісіздік пен тұрақсыздық кезеңінде Еуропа, Таяу Шығыс және Азия үшін өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар