Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2127689
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Сыртқы істер министрлігінен сабырға шақыру» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігі Иран-Израиль шиеленісіне қатысты мәлімдемеде тараптарды сабырлы болуға шақырды. Мәлімдемеде "Израильдің Дамасктегі Иран елшілігіне қарсы халықаралық құқыққа қайшы шабуыл жасауы біздің алаңдаушылықтарымызды ақтады. Иранның бұл шабуылға жауап беруі және одан кейінгі оқиғалар тез арада аймақтық соғысқа айналуы мүмкін екенін тағы бір рет көрсетті" делінді.

Стар газеті «Фидан: шиеленісті арттыратын қадамдар аяқталуы керек» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ирандық әріптесі Хусейн Эмир Абдуллахианға Израильге қарсы әрекеттен кейін аймақтың одан әрі шиеленісуін қаламайтындарын және шиеленісті арттыратын қадамдарды тоқтатуды қалайтындарын айтты.

Сабах газеті де Түркияның маңызды роліне орын берген. Әлем Иранның Израильге қарсы әрекетін айтып жатқанда, Анкараның шабуылдан бұрын атқарған маңызды рөлі назар аударды. Сыртқы істер министрлігі Иран мен АҚШ-тың өзара үміттері мен хабарламаларының Түркия арқылы жеткізілгенін хабарлады.

Йени Шафак газеті «Синжарға дейін қауіпсіздік белдігі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркияның Ирактың солтүстігіне операциясының бірінші кезеңінде террор ұйымы PKK-ға қолдау көрсеткен ауылдар мен елді мекендер тазартылады. Одан кейін Хакурктен Метина, Зап, Авашин және Хафтанинге дейін созылған аймақта террорлық құрылым жойылады. Келесі кезеңде Махмур, Сүлеймание, Кандил және Синжар аймақтарында операция жасау үшін түймеге басылады.

Хүрриет газеті Грекия министрінің Түркияға жолдауын жариялаған. Грекия Сыртқы істер министрі Джордж Йераптеритис түрік-грек қарым-қатынастары жайлы жылы хабарламалар берді. «Балаларымның саусақтары шүріппеге баспайтын аймақта өмір сүргенін қалаймын. Мен оларға тыныштықты сеніп тапсырғым келеді», - деді ол.



Ұқсас жаңалықтар