Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2125257
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті  «Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінде терроризммен күреске баса назар аударылды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде терроризммен күреске баса назар аударылды. Мәлімдемеде «Өңірімізде терроризммен табанды күресеміз және  олардың қолдаушыларына ешқандай орай бермейміз» делінген.

Хабер Түрік газеті «Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінде Газадағы бейбітшілік талпыныстарын қолдауға шақырды» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің декларациясында халықаралық қауымдастықты Газа халқы мен көмек ұйымдарына қарсы шабуылдарды тез арада тоқтатуға және аймаққа жан-жақты гуманитарлық көмек көрсету арқылы Түркияның тұрақты бейбітшілік үшін талпыныстарына қолдау көрсетуге шақырылды.

Ватан газеті «Республика тарихындағы экспорт рекорды жаңарды» деген хабарға орын берген. Сауда министрі Өмер Болат Түркияның наурыз айында экспортының 22 миллиард 578 миллион доллар болғанын мәлімдеді. Қаңтар-наурыз кезеңінде 63,7 миллиард доллармен экспорт рекорды жаңарды.

Стар газеті «TUSAŞ-тың жаңа технологиясы БАӘ-нің назарын аударды» атты хабар жариялаған. Ұлттық жауынгерлік ұшағы "KAAN" және жоғары өрелі реактивті жаттығулар және жақын әуе қолдау ұшақтары "HÜRJET"-те де қолданылған  Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) технологиясының қону аппараттары мен ішкі жүйелері БАӘ-нің ең үлкен қорғаныс және аэроғарыш компанияларының назарын аударды. Жүйелерді әзірлеумен айналысатын TAAC БАӘ-мен алғашқы халықаралық келісімшартқа қол қойды.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы Еуропаның шыңында» деген хабарға орын берген. Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының 25-31 наурыз аралығын қамтитын әуе қозғалысы статистикасы бойынша Стамбул әуежайы күніне 1328 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды.

 



Ұқсас жаңалықтар