Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2124705
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Түрік демократиясын бүкіл әлемге көрсеттік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған өткен жылы 3-ші сайлаудың сәтті аяқталғанын айтып, демократияға көлеңке түсіретін кез-келген қайғылы оқиғаның орын алмағанын мәлімдеді. Ердоған «Ұлт ретінде түрік демократиясының шыңға көтерілгенін бүкіл әлемге тағы бір рет көрсеттік» деді.

Йени шафак газеті «Анталияның 3 айлық турист қабылдау рекорды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 2023 жылы туризм тарихында ең жоғары көрсеткішке жеткен Анталияға биыл наурыз айында алғаш рет 500 мыңнан астам турист келді. Сондай-ақ 3 айлық кезеңде алғаш рет 1 миллионан асып түсті.

Ватан газеті «Теңіз саудасындағы рекорд» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы түрік экономикасындағы экономикалық жақсару коммерциялық ортада да көрініс таба бастады. Түркия порттарында наурыз айында теңіз арқылы транзиттік жүк тасымалы 5 миллион 699 мың 607 тоннаны құрады. Түркия әлемдегі жетекші теңіз елдерінің біріне айналды.

Сабах газеті «Түркияның криптовалюта биржасы «ICRYPEX» жаһандық ауқымда өсіп келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда жылдам дамып келе жатқан «ICRYPEX» бүкіл әлемде жиі айтылатын криптовалюта платформасына айналды. «ICRYPEX» Түркиядан артынан жаһандық көлемде пайдаланушыларға жаңа тізімдер мен жаңа буын крипто шешімдерін ұсыну мақсатымен әртүрлі жағрафиялардағы қызметтерін жеделдетуде.

Стар газеті «Түркия мәдениет жолы фестивалі басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Түркия мәдениет жолы фестивалі» 2024 жылы да қатысушыларға ұмытылмас бір тәжірибе ұсынуға дайындалуда. 13 сәуір мен 10 қараша күндері аралығында 16 бөлек қалада сегіз айға созылатын мәдениет-өнер марафонымен Түркия бір фестиваль климатын бастан кешеді. Іс-шаралар арқылы Түркияның тарихи және мәдени байлығы аясында бай бір тәжірибе ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар