Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2121509
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: PKK-ны қозғала алмайтын күйге келтірдік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған терроризммен күресте табысты нәтижеге қол жеткізгендерін айтты. Ердоған «ДАИШ деген империалистік қуыршаққа тыныс алдырмаймыз. PKK-ны болса өз шекараларымызда болмысын жойдық және қозғала алмайтын күйге келтірдік» деді.

Йени шафак газеті «Сыртқы істер министрлігінен Германияға шақыру: Қажетті шараны жасаңыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Германияда террор ұйымы PKK жақтастарының Ганновер Бас консулдығына жасалған шабуылына наразылық көрсетті. ТР Сыртқы істер министрлігі түрік азаматтары мен дипломатиялық өкілеттіктердің қауіпсіздігіне неміс мекемелерінің жауапты екенін, Еуропадағы түрік қоғамын арандатуға бағытталған әрекеттерге жол бермеу керектігін неміс мекемелеріне ескертті.

Стар газеті «Біз операция жасаған сайын PKK соғұрлым тығырыққа тіреледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуропадағы террор ұйымы жақтастары тудырған оқиғалармен байланысты «Біз операция жасаған сайын PKK соғұрлым тығырыққа тіреледі. Олар тығырыққа тірелген сайын бұл жолы жылдар бойы шыдап келген елдерді қорқыта бастады» деді.

Сабах газеті «Түркия 117 елге дақыл экспорттайды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Түркияның дақыл өндірісінде алғашқы 10 елдің қатарында екенін айтты. Министр Юмаклы «Әлемнің 117 еліне дақыл экспорттаймыз» деді.

Хабер түрік газеті «Түркия экономикасы өсуін жалғастыруда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Халықаралық несие рейтинг агенттігі “Standard & Poor's” (S&P) Түркияға қатысты өсу болжамын арттырды. S&P Түркияның өсу болжамын 2024 жылы 2,4 пайыздан 3 пайызға, 2025 жылы 2,7 пайыздан 3 пайызға дейін арттырды.



Ұқсас жаңалықтар