Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2120414
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған: Террористердің індерін бастарына қираттық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Чорумда халыққа үн қатты. Ердоған осында сөйлеген сөзінде «Түркияны сепаратистік террор деген пәледен құтқарғанша күресімізді жалғастырамыз. Террористердің індерін бастарына қираттық. Сириядағы әскери операцияларымызбен бұл шабуылдардың барлығын тойтардық. Олардың Отанымызды талқандау жоспарларын жойдық» деді.

Стар газеті «TÜRKSAT 6A жер серігі үшін кері санақ басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр "2024 жылдың 8 шілде аптасында Түркияның алғашқы отандық коммуникациялық жер серігі «TÜRKSAT 6A»-ны ғарышқа ұшырамыз және осылайша өз коммуникациялық жер серігін өзі дамытқан әлемдегі 11 елдің бірі боламыз" деді.

Хүррийет газеті «Эрсой: Іс-шара саны 6 мыңнан асады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой «Түркия мәдениет жолы фестивалі» аясында биылғы іс-шаралар санының 6 мыңнан асатынын атап, «8 айға созылатын мәдениет-өнер марафоны арқылы Түркияда фестиваль атмосферасын қалыптастырамыз. Әлемде мұнымен салыстыратын бірде-бір мәдени іс-шара жоқ» деді.

Ватан газеті «Жұмыссыздық көрсеткіші соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда жұмыссыздар саны 2023 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 318 мыңға азайып, 3 миллион 264 мың адамға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 1 ұпай азайып, 9,4 пайызға жетті және соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті.

Сабах газеті «Әлемнің үздік футбол қалалары тізіміне Стамбул да енді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «FourFourTwo» журналы көптеген параметрді зерттей отырып, әлемдегі ең жақсы футбол қалаларын құрастырды. Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан көптеген қалаларды қамтитын тізімде Стамбул 9-шы орын алды.



Ұқсас жаңалықтар