Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2118809
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Фидан: Израильдің ядролық қаруға қатысты мәлімдемелерін елемеуге болмайды» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Брюссельде өткен Бірінші Ядролық энергия саммитінде сөйлеген сөзінде «Газадағы қырғын жалғасып жатқан кезде, Израиль лауазымдыларының ядролық қаруға қатысты мәлімдемелерін елемеуге болмайды» деді.

Стар газеті «Ирактың солтүстігінде қауіпсіз аймақ құрылады» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен алынған ақпарат көздері «Ирак шекарасында қауіпсіз аймақ құру арқылы елімізге төнген қауіпті алыстан шешу, көлік және энергетика жобаларымен аймақтың әл-ауқатының дамуына үлес қосуды мақсат етеміз» деді.

Хүрриет газеті «Анкара аймақта өзін шебер түрде нығайтып жатыр» деген хабарға орын берген. Түркияның халықаралық аренадағы қадамдары Грекия баспасөзінің назарында. Түркияның қадамдарын бағалаған көрші елдің ақпарат құралдары «In.gr» жариялаған картамен Анкараның ықпалының артып келе жатқанына назар аударып, «Анкара аймақта өзін шебер түрде нығайтып жатыр» деген пікір білдірді.

Йени Шафак газеті «Түркияның желі шетелдіктердің радарына түсті» атты хабар жариялаған. Испан-неміс көпұлтты «Nordex Group» компаниясының бас директоры Хосе Луис Бланко Түркиядағы құрлық жел электр станциясына инвестицияларын арттыратындарын айтып, «Біз  келесі жылы Түркияда 1 гигаватт   электр станциясы орнату арқылы 1 миллиард еуро (35,3 миллиард лира) инвестиция салуды көздеудеміз» деді.

Хабер Түрік газеті  «ЕО-дан Арабан сарымсақ үшін географиялық белгі» деген хабарға орын берген. Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Газиантептің Арабан жазығында өсірілген «Арабан» атты  сарымсақтың Еуропа Одағынан (ЕО) географиялық белгі тіркеуін алғанын айтты. Осылайша ЕО-дан географиялық белгілерді алған өнімдер саны 21-ге өсті.



Ұқсас жаңалықтар