Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2118362
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Экономикалық көрсеткіштер өте жақсы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Ыспарта қаласында сөйлеген сөзінде «Іске асырған экономикалық бағдарламаның нәтижесін екінші жартыжылдықта көреміз. Жалпы экономикалық көрсеткіштер өте жақсы. Инфляция төмендеген сайын оның әсері көрінеді» деді.

Стар газеті «Фиданның Түркияның Еуроодақ мүшелігіне қатысты ашық хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан испаниялық әріптесіне Еуроодақ мүшелігінің Түркия үшін стратегиялық бір мақсат болуды жалғастыратынын атап, Түркияның Еуроодақ мүшелігінің кейбір елдердің мағынасыз саяси күн тәртібіне қалдырыла алмайтындай маңызды екенін қайталады.

Хүррийет газеті «Ресей: Украинадағы бейбітшілік инициативасы себепті Ердоғанға алғыс айтамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мария Захарова президент Ердоғанға Украина мен Ресей арасында басқан бейбітшілік қадамдары үшін ризашылық білдірді.

 

Йени шафак газеті «Министр Юмаклы: Рекордтармен аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрахим Юмаклы, Түрік қант зауыттары АҚ Бас дирекциясының (TÜRKŞEKER) 2023-2024 кезеңін тарихи бір рекордпен аяқтағанын, бұл кезеңде 9 миллион 60 мың тонна қызылша өңделіп, 1 миллион 161 мың 100 тонна қант өндірілгенін хабарлады.

Сабах газеті «Әлемнің ең үздік жас футболшылары анықталды! Үздік ондыққа 2 түрік жұлдызы кірді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемнің ең үздік 50 жас таланты іріктелген «GOAL» тарапынан дайындалған тізімде Ұлттық құрамада ойнайтын екі түрік футболшы алғашқы ондыққа кірді. Тізімде Арда Гүлер («Реал Мадрид») 5-ші, Кенан Йылдыз («Ювентус») 8-ші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар