Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2115298
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Арамза ойынды бұздық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде «Бөлшектеуші террор ұйымын бұл аймақта құруға тырысқан зұлмат жүйесін жалғастыру үшін елімізге індет болып жұқтырды. Соңғы 21 жылда жүзеге асырған демократиялық және даму төңкерісі арқылы барлық құралдарымызбен осы арамза ойынды бұздық» деді.

Хүррийет газеті «Кечели: АҚШ-қа террормен күрес тақырыбында талаптарымызды анық түрде жеткіздік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнджү Кечели министрлікте өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның АҚШ сапары кезінде Вашингтонға террормен күреске қатысты нақты хабарлама жасалғанын атап көрсетті.

Сабах газеті «Қаратеңізде 3 маңызды нүкте анықталды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​биыл энергетикада жаңа резервтер ашуды күткендерін «Қаратеңізде өте маңызды 3 жерде 2024 жылы бойынша бұрғылау жұмыстарымызды жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Ақкую АЭС-ке халықаралық бекіту» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғаш атом электр стансасының құрылыс жобасын жүзеге асырып жатқан Ресей Мемлекеттік ядролық энергетика корпорациясы «Росатом»-ның еншілес кәсіпорны «Akkuyu Nükleer A.Ş.» (Аккую Ядролық АҚ) халықаралық стандарттарды растайтын ISO сертификаттарын алды.

Ватангазеті «Әлемдік қару экспорты бойынша 11-орынға көтерілдік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Халук Гөргүн 2018-2022 жылдар аралығында жаһандық үлкен қару экспортының 1,1 пайызын жүзеге асырып, 12-ші орын алған Түркияның 2019-2023 жылдар арасында бұл көрсеткішті 1,6 пайызға арттырып, 11-ші орынға көтерілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар