Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2114790
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Қысымды заңдастырып жатқандар да бар» деген хабарға орын берген. Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына наразылық білдірген президент Режеп Тайып Ердоған «Израиль Газа секторында жасаған зұлымдығын адам құқығы, демократия, бостандық, қауіпсіздік ұғымдарымен заңдастыратындар да солар емес пе? Барын жұтып, тоймай, бар ма деп сұрағандар осылар болса керек. Тіпті қысымды заңдастырып жатқандар да бар» деді.

Стар газеті «Ердоғанның Израильге наразылығы: Олар біздің өлтірушіні қанішер деп айтуымызға кедергі жасай алмайды» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған елшілермен ауызашар  бағдарламасында бас қосты. Президент Ердоған мұндағы сөзінде «Олар біздің өлтірушіні қанішер деп айтуымызға  кедергі жасай алмайды. Израиль билеушілері геноцид шындығын жасыруға тырыспай, Газада қайтыс болған сәбилер үшін жауап беруі керек» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Терроризммен күресте Иракпен ынтымақтастық жиналысы» деген хабарға орын берген. Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде жүргізген «Пенче-Килит» операциясы жалғасып жатқанда Ирактың жергілікті лауазымды тұлғаларымен маңызды кездесу өтті. Жиналыста Ирак-Түркия шекара сызығының қауіпсіздігі талқыланды.

Сабах «Түркияның экономикалық саясатына сенімдерізім артты» атты хабар жариялаған. Халықаралық несие рейтинг агенттігі «Fitch Ratings» Бас директоры және Түркия талдаушысы Эрих Ариспе Моралес Түркияның қазіргі экономикалық саясатының  бұрынғыдан да берік екеніне сенгендерін  айтты.

Ватан газеті «Сертаб Эренер 21 жылдан кейін «Евровидение» сахнасына қайта шығады» деген хабарға орын берген. 2003 жылы «Everyway That I Can» әнімен «Евровидениеде» байқауында бірінші орынды иелеген Сертаб Эренер 21 жылдан кейін «»Евровидение» байқауына қатысады.



Ұқсас жаңалықтар