Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

2113726
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті «Стамбулдағы маңызды саммит әлем күн тәртібінен түспеді» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Стамбулда өткен Ердоған-Зеленский саммиті әлемнің күн тәртібінде. Маңызды  кездесуге назар аударған француз баспасөзі «Украина президенті Зеленский Түркияның қолдауына сенеді» деген пікір білдірді. Хабарда Түркияның жаңа буын отандық қаруларының соғыстағы рөліне назар аударылды.

Ватан газеті «Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Челиктің Нетаньяхуға нарызылығы» деген хабарға орын берген. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик (Израиль премьер-министрі Беньямин) Нетаньяху әкімшілігінің президент Режеп Тайып Ердоған мен Түркияға қарсы мәлімдемелеріне наразылық білдірді. Челик әлеуметтік медиа парақшасындағы мәлімдемесінде мына сөздерді қолданды: «Жазықсыз адамдардың өмірін нысанаға алған Нетаньяху әкімшілігі мен жаппай қырғын желісінің президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаға және Түркияға қарсы мәлімдемелері жарамсыз»

Хабер Түрік газеті «Бір таңбалы инфляцияға 2026 жылы жетеміз» деген тақырып қолданған. Вице-президент Джевдет Йылмаз «2024 жылдың екінші жартысында айтарлықтай нәтиже көреміз. 2025 жылы көрсеткіштер әлдеқайда төмендейді. 2026 жылы бір таңбалы инфляцияға қайтадан жетеміз» деді.

Сабах газеті «Түркияның энергия көзі болды! Бірінші рекорд келді» деген тақырып қолданған. Шырнактағы террор ұйымынан тазартылған Габар және Жуди таулары Түркияның жаңа қуат көзіне айналды. Өңірде 2019 және 2020 жылдары жүргізілген сейсмикалық және бұрғылау зерттеулерінен кейін бұрғыланған ұңғымалардан тәулігіне 37 мың баррель мұнай өндіруге қол жеткізілді.

Стар газеті «Оңтүстік Азия елінен «Bayraktar TB2» тосын сыйы» деген хабарға орын берген. «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз ұшатын аппараттары экспортталатын елдерге Мальдив аралдары да қосылды. Алынған мәліметтерге қарағанда Мальдив  Түркиядан қауіпсіздік күштерінің қажеттіліктері үшін командалық басқару бекеті мен 6 дана «Bayraktar TB2»-ден тұратын жүйені сатып алды.  Келісім аясында көліктерді жеткізу басталды.



Ұқсас жаңалықтар