Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2112327
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Біз ең үлкен елдердің қатарынан орын аламыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Малатия митингінде халыққа үн қатты. Ердоған Түркия дипломатиясы, экономикасы, әскери әлеуеті және әлеуметтік құрылымымен әлемнің ең үлкен елдері арасында орын алғанша күресті жалғастыратындарын атап көрсетті.

Сабах газеті «Ердоғанның террормен күресте нақты хабарламасы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған террормен күрес тақырыбында нақты хабарлама жасады. Ирактағы операциялардың мақсатына сай сәтті жалғасып жатқанын атап көрсеткен Ердоған «Империялық күштердің тапсырмасымен адам өлтіретін жалдамалы қанішер топтарын ерте ме, кеш пе, міндетті түрде жоямыз» деді.

Йени шафак газеті «Ирактағы PKK-ны жою стратегиясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иракта PKK террор ұйымын жеңу үшін аймақта базалар орнатылып, қауіпсіз аймақтар құрылады. Террористтер таулы аймақтан жазық далаға айдалады. Ұйым белсенді жұмыс істейтін аймақтар бақылауға алынады. PKK ұялаған Кандил, Сүлейманийе, Махмур және Синджар аймақтарында Ирак армиясымен операция күн тәртібіне келеді.

Стар газеті «Түркиядан Израильге наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Израиль билігінің Шерияның батысында 3 мың 500 баспана тұрғызу жөнінде бекіткен жоспарын Палестина топырағындағы басқыншылықтың одан әрі кеңейтілуі дегенді білдіреді. Бұл әрекетті дереу доғару керек» делінді.

Хүррийет газеті «Атлантикалық кеңесінің таңғажайып Түркия талдауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның отандық қарулары әлемдік нарықта назар аударуды жалғастыруда. Орталығы АҚШ-та болған «Atlantic Council» (Атлантикалық кеңес) сараптама орталығы Түркияның отандық Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жетістіктерінің Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін беретінін жазды.



Ұқсас жаңалықтар