Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2111260
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған: Осы жазда Ирак шекарасындағы террорды жоямыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейінгі мәлімдемесінде шекарамызда террор ұйымы құрыла алмайтынын атап «Ирак шекарасында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шеңберді аяқтауға жақынбыз. Осы жазда Ирак шекарамызбен байланысты мәселелерді шешетін боламыз» деді.

Хүррийет газеті «Министр Гүлердің терроризмге қарсы күрес хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер террормен күресте табандылық туралы хабарлама жасады және «Алдағы кезеңде террористік ұйымның қозғалу қабілетін жою үшін аяқ табанымыз тимеген ешбір жер қалмайды» деді.

Стар газеті «Bayraktar TB2 қарулы пилотсыз әуе көлігі дост елде бір жаңалыққа таңба қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Байкар» фирмасы бас директоры Халук Байрактар ​«​Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз әуе көліктерінің Албания армиясының әскери қорына енгенін атап, «Осылайша, Албания армиясының әскери қару құралдары тізіміне алғаш рет НАТО стандарттарына сәйкес келетін бір әуе көлігі енді» деді.

Сабах газеті «Түрік лирасымен сыртқы сауда жылдың екі айында 210 миллиард лираға жақындады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік лирасымен сыртқы сауда жылдың алғашқы екі айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 39,4 пайыз артып, 207 миллиард 738 миллион лираға жетті. Биылғы жылдың алғашқы айында 164, ақпан айында 168 елге түрік лирасымен экспорт жасалды.

Хабер түрік газеті «Немістердің жазғы демалыс таңдауы бойынша Түркия бірінші орында» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Германиядан биылғы жылы жазғы демалыста ең көп брондалған 10 демалыс орны арасында Түркияның Испанияны озып, бірінші орынға көтерілгені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар