Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2108011
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеде «Кездесуде Ресей президенті Путин президент Ердоғанды ​​туған күнімен құттықтады. Кездесу барысында Путин президентімізге Түркия-Ресей қарым-қатынасының достық негізде дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты» делінді.

Хүррийет газеті «Халықаралық сотқа Газа секторы шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израильдің Палестинаны басып алуының құқықтық салдары туралы Халықаралық сотта өткен кешегі отырыста Түркия атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз бастаған делегация баяндама жасады. Йылдыз «Адам құқықтары мен халықаралық құқықты бұзатын әрекеттері үшін Израиль жауапқа тарту керек» деді.

Хабер түрік газеті «Кремльден Путиннің Түркия сапарына байланысты мәлімдеме келді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ресей Президенттік сарайының Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кеше жасаған мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путиннің 15-17 наурыз күндері өтетін президенттік сайлаудан кейін Түркияға келетінін хабарлады.

Стар газеті «Грекияның Түркия дүрбелеңі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекия баспасөзі түрік қорғаныс өнеркәсібіндегі оқиғаларды жақыннан қадағалап отыр. Түрік сүңгуір қайықтарының модернизациясын күн тәртібіне шығарған Грекия баспасөзі екі елдің теңіз күштері арасындағы айырмашылықтың ұлғаятынын баса айтты.

Йени шафак газеті «KAAN-ды көрінбейтін қылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы әскери ұшағы «KAAN»-ның миы болып табылатын компьютерлік жүйесіне қоса, маңызды технологияларды шығаратын «TUBİTAK» әуе кемесі радарын көрінбейтін ететін қажетті бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үшін іске кірісті.



Ұқсас жаңалықтар