Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2102723
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Мысырмен жаңа кезең» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 12 жылдан кейін Мысырға жасаған сапарында мысырлық әріптесі Абдулфеттах әл-Сисимен кездесті. Ердоған «Сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткіземіз» деді. Сиси болсаТүркияға баратынын атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Жұмыспен қамту бойынша рекорд жаңартылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияда республиканың құрылуының 100 жылдығында жұмыспен қамтылғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 32 миллион 56 мыңға жетті. 2023 жылдың соңғы айында тіркелген 48,8 пайыздық жұмыспен қамту деңгейі соңғы 19 жылдағы ең жоғары көрсеткішіне жетті.

Хүррийет газеті «Анкараның АҚШ-тан күтуі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнжу Кечели Швецияның НАТО-ға мүшелігі мен «F-16» әскери ұшағын сатып алу үдерісінен кейін АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды бағалады. Қарым-қатынастардың тереңдігінің ешқашан төмендемегенін атап көрсеткен Кечели АҚШ-тан тек террор ұйымы PKK-мен байланысын үзуін күткендерін білдірді.

Стар газеті «Түркия жаһандық бойкоттан кейін сұранысқа ие болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Палестина бастамасының баспасөз хатшысы Түлай Гөкчимен Израильдің 2023 жылы 7 қазан күні Газа секторына жасаған шабуылдарынан кейін бүкіл әлемде Израиль өнімдеріне қарсы бойкот науқанының жаппай сипат алғанын атап көрсетті. Гөкчимен бойкоттан кейін түрік өнімдеріне үлкен тенденция болғанын білдірді.

Сабах газеті «Түркия туризмде 2024 жылғы мақсатына жетеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой туризм саласында 60 миллион келуші мен 60 миллиард доллар табыс нысанасымен кірген жаңа жылда турист саны және брондау көрсеткіштерінің жақсы жүріп жатқанын айтты. Эрсой «Біз 2024 жылға дейінгі мақсаттарымызға тезірек жетеміз деп үміттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар