Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2098849
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Біз жер сілкінісінен қаза тапқандардың қасіретін ұмытпаймыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғын үйлердің жеребе тартуы мен кілтті тапсыру рәсімінде мәлімдеме жасады. Ердоған 6 ақпан күні орын алған эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың қасіретін алғашқы күндегідей сезіп, мұның жүрегіне ауыртпалық түсіргенін білдірді. Салтанатты шарада 9 мың 289 үй тапсырылды

Стар газеті «Түркияның Ливиядағы Бас консулдығы қайта ашылады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Ливияда шығыс пен батыс арасында немесе оңтүстікті қамтитын қақтығыстардың қайта басталуын қаламайтынын атап: «Біз Бенгазидегі Бас консулдығымызды қайта ашуға шешім қабылдадық, жақын арада ашамыз» деді.

Ватан газеті  «Шығыс Қаратеңіз аймағынан түрік ақсерке балығы экспорты артты» деген хабарға орын берген. Шығыс Қаратеңіз аймағынан түрік ақсерке балығы  экспорты қаңтар айында жылдық есеппен 59 пайыз артып, 11 миллион 240 мың 719 долларға жетті.

Сабах газеті «Халық саны 85 миллион 372 мың 377 болды» атты хабар жариялаған. Түркия Статистика мекемесі «Адреске негізделген тұрғын санағы 2023» қорытындыларын жариялады. Осыған сәйкес, 2022 жылы 85 миллион 279 мың 553 болған ел халқы былтыр 92 мың 842 кісі артты. Халық саны  85 миллион 372 мың 377 болды. Ер адамдардың халық саны арасындағы көрсеткіші 50,1 пайыз,  әйел азаматтардың көрсеткіші 49,9 пайыз.

Хүрриет газеті «Түркияға капитал ағыны өсірілді» деген хабарға орын берген. Халықаралық несие рейтинг агенттігі «Fitch Ratings» Түркияны да қамтыған  ең үлкен  9 дамуда болған елге капитал ағынының соңғы 10 жылдың ең жоғары деңгейіне, яғни  200 миллиард долларға ұласатынын  болжады.



Ұқсас жаңалықтар