Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2094509
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Сыртқы істер министрлігі: Біз кейбір елдердің UNRWA-ға көмек көрсетуді тоқтатуына алаңдаймыз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі кеше жасаған мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігіне (UNRWA) көмектің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді. Мәлімдемеде осы ұйымның бірнеше мүшесіне қатысты айыптаулар салдарынан UNRWA-ға көмекті тоқтатудың ең алдымен палестиналықтарға зияны тиетіні баса айтылды.

Хүрриет газеті «Министр Каджыр: Түрік ғылыми зерттеу базасы үшін жұмыс жалғасуда» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр ғалымдар мен зерттеушілердің 8-ші Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясына қатысу үшін кеше Стамбулдан жолға шыққанын хабарлады. Каджыр Антарктидада құрылатын Түрік ғылыми зерттеу базасы үшін аймақта жұмыстардың жалғасып жатқанын білдірді.

Стар газеті «Ғарышкер Гезеравжы студант және ғалымдармен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Түркияның тұңғыш ғарышкері Альпер Гезеравжы президент Ердоған және министр Каджырдан кейін Самсун университетінің студенттері және ғалымдарымен тікелей эфир арқылы сөйлесті. Әңгіме барасында Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясында жүргізілген тәжірибелер туралы ақпарат берді.

Сабах газеті ««BARKAN»-ның жетістіктері» атты хабар жариялаған. Түрік қорғаныс өнеркәсібінің құрамындағы ұшқышсыз жерүсті көлігі «BARKAN» қарлы және лайлы егістіктерде, сондай-ақ қиын географияларда 1000 шақырымнан асып түсті. «BARKAN» өзінің мүмкіндіктерімен қауіпсіздік күштеріне қарсы асимметриялық қауіптерді жойып қана қоймайды, сонымен қатар қиын рельефте және қатал ауа-райында кеңейтуге мүмкіндік береді.

Хабер Түрік газеті «Арда Гүлер алдағы күндері жақсы нәтижелер болатынын айтты» деген хабарға орын берген. «Реал Мадрид» командасында футбол ойнаған түркиялық жас ойыншы Арда Гүлер алдағы күндері өте жақсы нәтижелер болатыны туралы мәлімдеме жасады.

 



Ұқсас жаңалықтар