Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2093332
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған мен Реисиден терроризмге қарсы ынтымақтастықты күшейту туралы хабарлама» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарада Иран президенті Ибрахим Реисимен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады. Ердоған терроризммен күрес тақырыбында «Елдеріміз бен аймағымыздың қауіпсіздігін нысанаға алған PKK/PYD/YPG және PJAK террор ұйымдарына қарсы ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтілуінің маңыздылығына тоқталдық» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған: Ғарышкерлеріміз ғарышқа сапарларын жалғастырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған ғарышқа ғарышкер жіберіп, бұл салада тарихи бір қадам басқандарын мәлімдеді. Ердоған «Зымырандардың ғарышқа шығуы жалғасады, ұшақ кемелеріміздің құрылыс жұмыстары жалғасады, теңіздерде фрегаттарымыз үздіксіз жүзеді. Өйткені біз құрлықта, теңізде, ауада әр жерде боламыз. Құдай қаласа қорғаныс өнеркәсібі саласында күш көрсетуді жалғастырамыз» деді.

Йени шафак газеті «Түркия жаһандық ғарыш жобаларына қатысады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Индустрия және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр ең маңызды мақсаттарының бірінің ғарыш өнеркәсібі саласын дамыту екенін атап көрсетті. Жүзеге асырылатын жобаларды тізімдеген Каджыр «Біз жер серігі өндірісәнде жинаған тәжірибемізді жаңа жобаларға жеткіземіз. Анкарада «Ғарыштық технологияларды дамыту аймағын» құрамыз. Жаһандық жобаларға қатысамыз» деді.

Стар газеті «Гезеравжының ғарыш сапары бүкіл әлемде жаңғырық тудырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ғарышқа ұшқан қазақтың үшінші және әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетов Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжының ғарыш сапары туралы «Түркияның халықаралық адам басқаратын ғарыштық сапарына қатысуы, түркиялық адам басқаратын ғарыш бағдарламасының болашақта дамуы дегенді білдіреді. Біз Түркиямен ынтымақтастыққа дайынбыз» деді.

Хабер түрік газеті «Байден әкімшілігінің АҚШ Конгресіне жіберген «F-16» хаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Джо Байден АҚШ Конгресінің мүшелеріне бір хат жолдап, Түркияға 20 миллиард долларға «Lockheed Martin F-16» жойғыш ұшақтары мен модернизация жинақтарын сатуды бекітуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар