Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2091700
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түрік ғарышкері ғарышта 13 ғылыми зерттеу жүргізеді» деген тақырып қолданған. Түрік ғарышкер Алпер Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясында 14 күн болып, 13 түрлі ғылыми тәжірибе жасайды. Бұл эксперименттерге микрогравитация, ғарыштағы адам денсаулығы, Тұз көлі өсімдігінің ғарыштағы жағдайын зерттеу және нөлдік гравитация ортасындағы қатты сұйықтық қоспаларын зерттеу кіреді.

Йени Шафак газеті «Гезеравжы ғарышкерлердің денсаулық мәселелерін зерттейді» деген хабар жариялаған.  Түрік ғарышкер Алпер Гезеравжы ғарышта жасайтын эксперименттердің бірі тыныс алу жүйесінің физиологиясы болады. Гезеравжы жасанды интеллект қолдайтын әдіспен ғарышкерлердің төмен гравитациядан туындаған денсаулық мәселелерін анықтауға тырысады. Бұл эксперимент бүкіл әлем бойынша ғарыштық денсаулықты зерттеуге жаңа тыныс әкеледі.

Сабах газеті «Ғарыш саяхаты балаларды шабыттандырды» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түркияның ғарыш сапары балаларды да шабыттандырды. Бұл қызығушылық электронды саудада да көрініс тапты. Соңғы аптада ғарышкер костюмдері мен футболкаларына, басқа да бұйымдар мен маскаларға қызығушылық артты. Түркияның «Teknofest» жастары ғарыштық зерттеулерін жылдамдатады.

Стар газеті «Түркия Айға ғарыш кемесі жібереді» деген хабарға орын берген. Ғарышқа тұңғыш ғарышкерін жіберген Түркияның келесі қадамы «Ай жобасы» болмақ. Осы аядағы жұмысын жалғастырған Түркия 2026 жылы Айға алғашқы ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлап отыр. Түркия өзі жасап шығарған ғарыш кемесімен Айға жетеді.

Хабер Түрік газеті «Түрік профессордан рак клеткаларының таралуын болдырмауға арналған зерттеу» деген хабар жариялаған. Сивас Джумхуриет университетінің оқытушысы проф. др. Бирнұр Аккая ісік жасушаларының таралуын болдырмау үшін өзі бастаған зерттеуде нәтижеге қол жеткізді. Проф. др. Аккая қатерлі ісік пен қатерлі жасушалардың тамыр беттеріне жабысып, олардың таралуына жол бермейтін сульфатид тәрізді хитозаннан алынған қосылыс молекуласын синтездеді. Түрік профессор рак клеткаларының таралуын болдырмайтын жұмысты патенттеді.



Ұқсас жаңалықтар