Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2089174
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах  газеті «Террор ұйымы PKK-ға ауыр соққы» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер, 12 қаңтар күні «Пенче-Килит» операциялық аймағында 9 сарбаздың шейіт болуынан кейін Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операциялар арқылы  террористтер  пайдаланған үңгірлер, бункерлер және  баспаналардың жойылғанын және 77 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Йени Шафак газеті  ««АNKA-3» немістерді таң қалдырды» атты хабар жариялаған. Неміс баспасөзі Түркияның «ANKA-3»  ұшқышсыз әуе көлігіне орын берді. Германияның «FAZ» газеті батыстың қару-жарақ экспортына тыйым салуының әсерінен Түркияның ұшқышсыз әуе көлігі күшіне айналғанын және енді оны тоқтатудың мүмкін емес екенін жазды.

Стар газеті «Түркия дамыды, әлемге үлгі болды» деген хабрға орын берген. Түркия өзі дамытқан Ұйымдасқан өнеркәсіп аймақтарын әлемге экспорттай бастады. Түріктер  Мысыр, Украина, Ирак, Болгария, Ливия және Румыния сияқты 10-нан астам елдерде Ұйымдасқан өнеркәсіп аймақтарын салуда.

Хабер Түрік газеті «Әр 15 секунд сайын бір ұшақ түрік әуе кеңістігін басып өтті» атты хабар жариялаған. Түрік әуе кеңістігіндегі транзиттік эстакадаларды қосқанда өткен жылы ұшу саны алдыңғы  жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға артып, 2 миллион 167 мың 19-ға жетті. Аталмыш кезеңде Түркия аспанынан шамамен 15 секунд сайын бір ұшақ өтті.

Хүрриет газеті «Айя-София Кебир мешіттегі  жаңалық» деген хабарға орын берген.  Айя-София Кебир мешітіндегі жаңа тәртіп 15 қаңтарда басталды. Мәдени мақсатта тарихи мешітті көргісі  келетін шетелдік туристер үшін кіру ақысы 25 еуроны құрайды. Ереже мешітке ғибадат етуге келген түрік азаматтарын  қамтымайды.

 



Ұқсас жаңалықтар