Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2085647
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Стамбулда өткен кездесу әлем күн тәртібінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады. Стамбулдағы кездесу бүкіл әлемде жаңғырық туғызды. Көптеген газет басты бетінде осы кездесуге орын берсе, «Bloomberg» Вашингтон әкімшілігінің Газа секторындағы соғыс аяқталған соң аймақты қалай басқаратыны туралы жоспары үшін Анкараның қолдауын алғысы келетінін жазды.

Сабах газеті «Қарулы пилотсыз әуе көлігі «SONGAR»-дың жаңа атыс күші» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Бірінші отандық қарулы пилотсыз әуе көлігі «SONGAR» жаңа жетістікке қол жеткізді. «SONGAR» интеграция кезеңі аяқталған 6 тұмсықты гранатометпен ату сынағынан сәтті өтті. «SONGAR»  бұл сатыда одан көп оқ атып, нысанасын дәлдеу мүмкіндігіне ие болды.

Стар газеті «Түркияның мега жобасы үшін көршілермен серіктестік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газиантеп қалысының Овакөй ауылынан Ирактың Басра аймағына дейін созылатын «Даму жолы жобасы» туралы мәлімдеме жасаған Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «Даму жолы дәлізін Иракпен бірге жүзеге асырамыз. Бұл үдеріске Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар да қосылатын көрінеді» деді.

Хабер түрік газеті «Түркиядан 2023 жылы 12,4 миллиард долларлық дәнді дақыл экспорты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік астық, бұршақ, майлы дақылдар және дәнді дақыл өнімдері саласы 2023 жылы 213 ел мен еркін аймақта 12 миллиард 380 миллион 538 мың долларлық экспорт жасады.

Йени шафак газеті «Арда Гүлер Испанияны дүр сілкіндірді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Испания Корольдік кубогының 32-ші соңғы матчында Арандина 3-1 есебімен жеңілген матчта «Реал Мадрид» формасымен көгалға шыққан Арда Гүлер табысымен көпшілікті тәнті етті. Спорт әлемі Арда Гүлерді мақтап жатса, жас футболшыны көгалда көрген «Реал Мадрид» футбол клубы төрағасы Флорентино Перестің берген реакциясы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар