Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2084260
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоғаннан Иранға көңіл айту жеделхаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Иранның Кирман қаласында орын алған жантүршігерлік лаңкестік шабуылдарға қатты қайғырғанын білдірді. Ердоған «Дос және бауырлас Иран халқына көңіл айтамын» деп хабарлады.

Стар газеті «Ердоған Реисимен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Рейсидің Түркия сапарын кейінге қалдыруына шешім қабылданды.

Сабах газеті «Фиданнан Израильге Ливан ескертуі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кейбір израильдіктердің соғысты Ливанға таратқысы келетінін ескертті. Фидан «Бұл жолы (Израиль-Ливан соғысы) тығырыққа тіреледі. Егер мұндай болған жағдайда, бұл соғыс еш аяқталмайды. Керісінше мәселе шешілетін болса, бейбітшілік және екі мемлекетті шешімге назар аударуға тиіспіз» деді.

Хүррийет газеті «Қызыл Жарты Ай қоғамының екінші гуманитарлық жәрдем кемесі Газаға ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қызыл Жарты Ай қоғамы жіберген екінші жәрдем кемесі Газа секторына ұласты. Кемеге 107 тонналық гуманитарлық жүкті 147 жүк көлігімен тиеген Қызыл Жарты Ай қоғамы шатыр, төсек-орын, азық-түлік және гигиена сияқты материалдардан тұратын 66 жүк көлігін Газа секторына жеткізді.

Йени шафак газеті «Түрік мердігерлерінен үлкен жетістік» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның халықаралық мердігерлік саласы 2023 жылын 27,4 миллиард долларлық үлкен жобалармен аяқтады. 135 елде қолға алынған жобалардың жалпы құны 501 миллиард 900 миллион долларға дейін өсті. Испаниядағы Барселона клубының стадионын жаңалау жобасы шетелде символдық жобалардың бірі болды.



Ұқсас жаңалықтар