Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2083111
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Галата көпірінде тарихи бас қосу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул жаңа жылдың бірінші күні тарихтағы ең үлкен кездесулердің біріне куә болды. 308 қоғамдық қауымдастық ұйым «Пенче-Килит» операциялық аймағында шейіт болған сарбаздарымыз бен Израиль қысымындағы Палестинаға қолдау көрсету және терроризмді айыптау үшін бас қосты. Айя-София, Сұлтанахмет, Сүлеймение және Эминөнү Жаңа мешіттерінде таңғы намазда жиналған жүз мыңдаған адам Галата көпіріне дейін жаяу жүрді. Үлкен шеруде Стамбулдан күллі әлемге хабарлама жасалып, PKK терроры мен Израильдің зұлымдығы айыпталды.

Ватан газеті «Байрактар: Шырнакта 2024 жылы нысанамыз өндірісті 100 мың баррельге жеткізу» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар республика тарихының ең үлкен жаңалығына Шырнакта қол жеткізілген және осындағы өндірістің 30 мың баррельге өскенiн атап, «Өте қысқа мерзімде, 3 айдың ішінде Шырнак Түркияның ең көп мұнай өндіретін қаласына айналады. 2024 жылы 100 мың баррельдік нысанамызға қол жеткізгенде, Түркияның ең мықты қаласы болмақ» деді.

Хүррийет газеті «TOGG 81 қаланың барлығына жеткізілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда отандық автокөлік «TOGG»-тың нарықтық моделі «T10X» желтоқсан айында 6 мың 8 адамға жеткізілді. Осылайша «TOGG» 81 қаланың барлығына жеткізілді. Соңғы жеткізілімдермен барлығы 19 мың 583 пайдаланушы көліктерін қабылдап алды.

Хабер түрік газеті «Анталияда желтоқсан айының туристік рекорды жаңартылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда туризмде белсенді бір жылды артта қалдырған Анталия желтоқсан айында әуе жолы арқылы келген турист саны бойынша рекорд жаңартты, жаңа жыл аптасында келуші шетелдік қонақ саны 121 мың 139-ға жетті.

Сабах газеті «2023 жылдың 100 үздік футболшысы анықталды. Ұлттық футболшы абыройымызды көтерді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «FourFourTwo» журналы жариялаған тізімге қарағанда 2023 жылдың үздік 100 футболшысы анықталды. Хакан Чалханоғлу мен Илкай Гүндоған да тізімге енді.



Ұқсас жаңалықтар