Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2075498
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті  «Ердоған: Қабылдаған шаралардың оң әсерінің нарықта сезілгенін айтты» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде қабылдаған шаралардың оң әсерінің нарықта сезілгенін айтты. Ердоған «Қазан айындағы жұмыс күші статистикасы дұрыс жолда екенімізді көрсетеді» деді.

Хүрриет газеті  «Габарда тәулігіне 30 мың баррель мұнай өндірілді» атты хабар жариялаған. Түрік мұнай акционерлік қоғамы Габардағы күнделікті мұнай өндірісінің 30 мың баррельге жеткенін хабарлады. Түрік мұнай акционерлік қоғамының «Х» парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Шырнақ Габар тауы аймағындағы Шехит Эсма Чевик және Шехит Айбүке Ялчын кен орындарында ашқан барлығы 23 ұңғымада тәулігіне 30 мың баррель мұнай өндіруге жеттік» делінген.

Сабах газеті  «Шимшек: Жұмыссыздық деңгейі 8,5 пайызға төмендеп, соңғы 11 жылдың ең төменгі деңгейі болды» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек  жұмыссыздық деңгейінің қазан айында 8,5 пайызға төмендеп, соңғы 11 жылдағы ең төменгі деңгейге жеткенін мәлімдеді. Шимшек «Біз іске асырған саясаттардың нәтижесін көріп отырмыз және бағдарлама мақсаттарымыз бірінен соң бірі жүзеге асатын болады» деді.

Стар газеті «Түрік авиация тарихындағы бірінші» атты хабар жариялаған. Байкар жергілікті және ұлттық ресурстармен әзірлеген түрік технологиялық ғажайып «Bayraktar TB2 SIHA» жаңа рекорд жасады. «Bayraktar TB2 SIHA» түрік авиация тарихында 750 мың ұшу сағатын сәтті аяқтады.

Хабер Түрік газеті «Мардинде теңіз фигуралары  бейнеленген мозаика табылды» деген хабарға орын берген. Мардиннің Қызылтепе ауданындағы құтқару қазба аймағында Рим дәуірінен қалған вилланың қирандыларынан теңіз жануарларының фигуралары бейнеленген мозаика табылды.

 



Ұқсас жаңалықтар