Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2074858
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Афиныда Ердоған самалы» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның алты жылдан кейін Афиныға сапарының БАҚ-тағы әсері жалғасуда. Газет Грекия ақпарат құралдарында екі ел арасындағы қарым-қатынастарда оң атмосфера кезеңінің жалғасқанына назар аударып, Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис және Ердоған арасындағы қалжыңға орын берген.

Стар газеті «Түркия мен Грекия арасында жаңа кезең басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Грекия инвестиция кеңселері қол қойған келісім негізінде екі ел арасындағы өзара инвестицияны ынталандыру шараларын арттыруға ат салысады. Осы келісім арқылы екі ел халықаралық тікелей инвестиция саласында ынтымақтастықтың жаңа дәуірін бастады. Келісім сондай-ақ екі ел компанияларының үшінші елдердегі өзара инвестициялары мен ынтымақтастығын арттыруында мақсат етеді.

Сабах газеті «Стамбулда он мыңдаған адам Палестина үшін шеруге шықты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда лаңкестік ел Израиль әйел, бала, қария мен науқастарға қарамастан қырғын жасады. «10 желтоқсан Адам құқықтары күні» Стамбулда геноцид жасап жатқан Израильге қарсы «Палестина шеруі» өтті. Азаматтық қоғам мекемелері «Қанішер Израиль» деп ұран тастады.

Йени Шафак газеті «Адамзатқа қарсы қылмыстар тіркелуде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Израильдің Газа секторындағы әскери қылмыстарын тіркеу үшін «Адамзат үшін тіркеу инициативасы» құрылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген суретшілер, жазушылар және журналистер өз салаларында жасайтын туындылары арқылы Газа секторындағы қырғынды суреттейді. Стамбулдағы «Рами» кітапханасында 30 желтоқсан күніне дейін дайындалатын туындылар көрмеге қойылады.

Хабер түрік газеті «1915 Чанаккале көпіріне марапат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Азия мен Еуропа құрлығын байланыстыратын «1915 Чанаккале көпірі» әлемнің ең үздік инженерлік жобалары ат салысқан «ENR» (Engineering News-Record) журналы қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде «ENR Project of The Year / ENR жылдың жобасы» сыйлығын алды.



Ұқсас жаңалықтар