Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2073144
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Нетаньяху бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Катардың астанасы Дохада өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі саммитінде сөйлеген сөзінде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әкімшілігінің саяси өмірін ұзарту үшін бүкіл аймақтың қауіпсіздігі мен болашағына қауіп төндіргенін айтты.

Хүрриет газеті «Ердоған: Израиль қылмыстарынан құтылмауы керек» атты хабар жариялаған. Президент Ердоған Катарда сөйлеген сөзінде «Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс. Израиль жасаған қылмыстарынан құтылмауы керек. Палестина мемлекетін құрудың маңыздылығы тағы бір рет байқалды. Осы аймақ елдерімен, соның ішінде кепілгер ретінде жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайын екенімізді жарияладық» деді.

Ватан газеті «Түркияның дәстүрлі зәйтүн өсіруі ЮНЕСКО-ға енді» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның дәстүрлі зәйтүн өсіруінің «Шұғыл қорғауды қажет ететін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне» енгізілгенін хабарлады.

Йени Шафак газеті  «Түркиядан мұнай іздеу жұмыстары артты» атты хабар жариялаған. Түркия белсенді мұнай бұрғылау қондырғыларының саны 66-ға көтеріліп, Еуропадағы барлау жұмыстары ең қарқынды жүргізілген ел болды. Биыл мұнай саласында 43 компания мұнай барлау және өндіру жұмыстарын жалғастыруда. Биыл 195 ұңғыма ашылып, барлығы 418 мың шаршы метр бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

Стар газеті «TGG АҚШ-тың Tesla компаниясынан озды» деген хабарға орын берген. Автокөлік сатылымындағы 1 миллион шегінен асып, жылдық рекорд жаңартқан TGG қараша айында Tesla-дан озды.



Ұқсас жаңалықтар