Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2072624
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Батыс қырғындарға соқыр және саңырау болып отыр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газадағы қырғындарының батыстың шынайы жүзін көрсеткенін айтты. Ердоған «Батыс елдері Израильге одан да көп баланы өлтіру үшін шартсыз қолдау көрсетуде» деді.

Хүрриет газеті «Нетаньяху Милошевич сияқты сотталуы керек» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Газа қасабы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың тек соғыс қылмыскері емес, Сребреницада геноцид жасады деп айыпталған Сербияның бұрынғы президенті Слободан Милошевич сияқты сотталуы керектігін айтты.

Хабер Түрік газеті «Түркиядан Израильге ескерту» деген хабар жариялаған. Түрік барлау көздері халықаралық баспасөзде Израильдің арасында Түркия да бар Палестина тысында өмір сүретін Хамас мүшелерін нысанаға алатыны туралы хабар және Израиль лауазымды тұлғаларының бұл бағыттағы мәлімдемелері негізінде қажетті ескертулердің жасалғанын білдірді.

Стар газеті «Тізімге 4 түрік алыбы кірді» атты хабар жариялаған. Стокгольм халықаралық бейбітшілік зерттеу институтының (SIPRI) ең үздік 100 қорғаныс өнеркәсібі компаниясының тізіміне түріктің  4 компаниясы енді. Хабарға қарағанда, тізімде «ASELSAN» 60-шы, «Байкар» 76-шы, «Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі» 82-ші, «Рокетсан» 100-ші орында тұр.

Йени Шафак газеті «Air China» - Стамбул әуежайы қызмет көрсететін 100-ші әуе компаниясы болады» деген хабар жариялаған. Хабарда жазылғандарға қарағанда, Тайландтың «Thai Airways» әуе компаниясының рейстері басталып, аталмыш компания Стамбул әуежайында қызмет көрген 99-шы әуе компаниясы болған еді. Енді Стамбул әуежайына әлем елдерінің әуе компанияларының қызығушылығы жалғасуда. Осы әуежайдан ұшатын 100-ші әуе компаниясы Қытайдың «Air China» компаниясы болды. Бұл авиакомпания Пекиннен Стамбулға  рейстерін бастайды.

 



Ұқсас жаңалықтар