Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2062475
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоғанның Қарабах құттықтауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Қарабах жеңісінің 3 жылдығына орай жасаған хабарламасында бауырлас Әзербайжанды 8 қараша Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтағанын атап, «Қарабах Әзербайжанның жері және ақырзаманға дейін солай қала беретініне үміттенемін» деді.

Стар газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі барлық елдердің парламенттеріне «Палестина» хатын жолдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Әділет комиссиясы төрағасы Жүнейт Юксел барлық елдердің парламенттерінің әділет және заң комиссиясы төрағаларына хат жолдап, «Палестинада атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін халықаралық талпыныс көрсетілуі» мазмұнды хат жолдады.

Сабах газеті «Автокөлік өнеркәсібі 3,1 миллиард доллар экспорт жұзеге асырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда автокөлік өнеркәсібінің қазан айындағы экспорттық көрсеткіштері жарияланды. Жалпы 3,1 миллиард долларлық экспортпен қазан айының қазірге дейінгі ең жоғарғы экспорты жүзеге асты.

Ватан газеті «GÖKBEY тағы маңызды бір сатыдан өтті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік инженерлері жасап шығарған «GÖKBEY» тікұшағы тағы екі сынақтан сәтті өтті. 20 мың фут биіктікте ұшу арқылы максималды қызмет биіктігіне көтерілген «GÖKBEY» қос қозғалтқышпен жүзеге асырған сынақ барсында жалғыз қозғалтқышпен үшу  сынағынан сүрінбей  өтті.

Йени шафак газеті «Ұлыбританиядан 3,7 миллион турист келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Туристік агенттіктер қауымдастығының (TÜRSAB) президенті Фируз Бағлыкая Ұлыбританияның Түркия үшін өте маңызды бір туризм нарығы екенін айтып, «Түркия ретінде жыл соңына дейін Ұлыбиританиядан 3,7 миллион келушіні қабылдауды жоспарлануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар