Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2059933
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «ТҰҰМ төрағасы Куртулмуштан Газа хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш кеше Босния және Герцеговинаның бас қаласы Сараевода жасаған мәлімдемесінде Газадағы адамзатқа жасалған зұлымдыққа тоқталып, «Бүгін Газа секторындағы қырғынға жауаптылар міндетті түрде халықаралық қылмыстық сот алдына шығып, істеген істері үшін есеп береді. Бұл қырғынға үнсіз қалғандар да, көз жұмғандар да жауапқа тартылады» деді.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрі Фиданның ЕО-қа Газа наразылығы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Германияда өткен «Еуроодақтың кеңеюі және реформалау» тақырыбындағы жабық отырыста жаһандық актерлердің қос стандарттардан аулақ болуы керектігін баса айтты. Фидан «Кейбір Еуроодақ елдерінде палестиналықтармен ынтымақтасу шерулерінің алдын алу қос стандарт» деді.

Стар газеті «Министр Кожа: Газада емделіп жатқан палестиналықтардың Түркияға тасымалдануы үшін барлық қолдауды беруге дайынбыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Израиль шабуылдары нәтижесінде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған Газадағы Түрік-Палестина достық ауруханасында онкологиялық науқастарды емдеудің жалғасатынын және Газадағы балалар мен ересектер жатқан  реанимация бөлімшелеріндегі науқастар арасынан жағдайы медициналық тұрғыдан жарамды деп танылғандар Түркияға әкелінуіне байланысты барлық қолдауды көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Хабер түрік газеті «1 аптада 87 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Зеки Актүрк, министрліктегі апталық баспасөз брифингінде «Ирак пен Сирияның солтүстігін қоса алғанда, соңғы аптада 87 террорист залалсыздандырылды. Залалсыздандырылған террорист саны ағымдағы жылы 1 802-ге, 2015 жылдың 24 шілде күнінен бері болса 39 мың 145-ке жетті» деді.

Хүррийет газеті «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға іс-сапармен келеді. Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, АҚШ Мемлекеттік хатшысы 5 қараша күні Түркияда болмақ.



Ұқсас жаңалықтар